$ 494.87  520.65  4.91

Мақтаарал ауруханаларында COVID-19 инфекциясымен ауырған бірде-бір науқас жоқ

Халыққа антисептик, бетперде, қолғап тегін таратылып, әр азаматтың дене қызуы тепловизормен тексерілуде.

Мақтаарал ауданындағы су тасқыны барша жұртты алаңдатып отыр. Қазіргі таңда аталған аймақта 4 елді мекеннен 5400 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Тұрғындардың біразы туыс-туғанына кетсе, үш мыңға жуығы Мақтаарал ауданы, Атакент кентіндегі 10 мектепке бөліп орналастырылды. Азық-түлік, ыстық тамақпен толық қамтамасыз етілді. 

Атап өтейік, көршілес Жетісай ауданы COVID-19 инфекциясының облыстағы бірден-бір ошағы болып табылатындықтан, көпшілікті қазіргі таңда осы жайт алаңдатуда.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Жетісай ауданындағы инфекциялық ауруханада облыс бойынша 32 науқас ем алып жатса, Мақтаарал ауданының ауруханаларында бірде-бір науқас жоқ. 

Тағы да оқи отырыңыз: «Дүрлігіп, үрейленудің қажеті жоқ»: Шөкеев мақтааралдықтарды сабырлы болуға шақырды (ВИДЕО)

ШҰҒЫЛ!: Өзбекстандағы су тасқыны Мақтаарал ауданына жетіп үлгерді (ВИДЕО)

Дәрігерлер қазіргі таңда эвакуацияланған халықты індеттен сақтау бойынша барлық шараны қолға алды. Халыққа антисептик, бетперде, қолғап тегін таратылып, әр азаматтың дене қызуы тепловизормен тексерілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары