Су тасқынынан зардап шеккен Мақтаарал ауданына «Біз біргеміз» қорынан 40 тонна гуманитарлық көмек жөнелтілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Nur Otan» партиясы әрқашанда халықпен, елмен бірге екенін танытып, Нұр-Сұлтан қаласынан 40 тонна азық-түлікті 1500 отбасына жеткізіп беруді қолға алып жатыр», - деді «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы Елнұр Бейсенбаев.
Азық-түлік тиелген жүк көлігін Орталық аппарат қызметкерлері мен «Jas Otan» жастар қанатының еріктілері бастап барады.
40 тонналық гуманитарлық көмектің барлығы азық-түлік. Әр отбасыға 30 келіден беріледі.
Айта кетейік, аудандағы су тасқынынан Жеңіс, Өргебас, Достық, Жаңатұрмыс, Фирдоуси ауылдарынан жалпы 31 мың азамат қауіпсіз аймаққа шығарылған болатын. Соның 17 мыңнан астамы Мырзакент кенті мен Ақжол ауылының тұрғындары.