$ 494.87  520.65  4.91

«Өзбек тарапына нота жіберуге қажеттілік жоқ» - СІМ

Сыртқы саяси ведомствоның өкілі Өзбекстандағы Сардоба су қоймасы бөгетінің жарылуы және Түркістан облысындағы он елді мекенді су басу жағдайы Қазақстан үкіметінің ерекше бақылауында екенін айтты.
фото: tengrinews.kz
фото: tengrinews.kz

 Қазақстан Түркістан облысындағы тасқынға байланысты Өзбекстанға дипломатиялық нота жіберуге ниетті емес. Бұл туралы Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputniknews.kz.

Бұған дейін "Атамекен Бизнес" телеарнасына берген сұхбатында Қазақстанның экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Сергей Громов мемлекет Өзбекстанға Сардоба су қоймасы бөгетінің жарылуы туралы толық ақпаратты талап ететін ресми хат дайындап жатқандығын айтқан болатын.

Тағы оқи отырыңыз: «Көптеген шығынды өтеп беруді талап етеміз»: Қазақстан Өзбекстанға наразылық нотасын жолдайтын болды

Сыртқы саяси ведомствоның өкілі Өзбекстандағы Сардоба су қоймасы бөгетінің жарылуы және Түркістан облысындағы он елді мекенді су басу жағдайы Қазақстан үкіметінің ерекше бақылауында екенін айтты.

"2 мамырда Қазақстан президенті Өзбекстан басшысымен телефон арқылы сөйлесті, тараптар қалыптасқан жағдайды талқылап, екі ел үкіметтерінің үйлесімді жұмыс атқаруы туралы келісімге келді. Су тасқыны салдарын бірлесе жою бойынша үкіметтер мен шекаралас аймақтардың басшылары тығыз ынтымақтастық орнатқанын ескерсек, өзбек тарапына нота жіберуге қажеттілік жоқ", - деді Смадияров.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары