$ 494.87  520.65  4.91

Ертеңнен бастап елордалық қоғамдық көліктер жүре бастайды

Қазір автобус парктері жолаушылардың қауіпсіздігін сақтау үшін тиісті жұмыс алгоритмін әзірлеп жатыр.
фото: inbusiness.kz
фото: inbusiness.kz

Ертеңнен бастап астанада автобустар жүреді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Біз қоғамдық көлік қозғалысын ертеңнен бастап қалпына келтіреміз. Тек барлық санитарлық норма сақталуы тиіс. Қазір автобус парктері, олардың басшылығы мен жүргізушілері жолаушылардың қауіпсіздігін сақтау үшін тиісті жұмыс алгоритмін әзірлеп, қолға алып жатыр», – деді Бақтияр Мәкен Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары