18.05.2020, 11:00

Елорданың орталық базары бұрынғыша жұмыс істеуге әзір

Орталық базардың басқарушы компаниясының директоры Атахан Абдижалиловтың айтуынша, саудагерлер мен базар қызметкерлері антисептик, қолғап, санитайзерлермен толық қамтылған.

Нұр-Сұлтан әкімдігі қаланың ірі сауда орталығының дайындығын тексеріп, оның жұмысына «жақсы» деген баға берді. Skifnews.kz ақпарат порталы, Елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

«Бүгін біз СЭС органдарымен бірге карантинді жеңілдету аясында орталық базар жұмысын қалпына келтіру дайындығын тексердік. Дайындық жоғары. Негізінде, барлық базарлар антисептик, маскалармен қамтамтылып, логистика ұйымдастырылған. Базар басшылығымен санитарлық нормалардың сақталуына бақылау жүруде.Бақылау әрі қарай жалғасады», – деді Нұр-Сұлтан қалалық инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ерлан Бекмурзаев.

 Тағы оқи отырыңыз: Елорданың денсаулық сақтау басқармасы тұрғындарға қатаң ескерту жасады

 Орталық базардың басқарушы компаниясының директоры Атахан Абдижалиловтың айтуынша, саудагерлер мен базар қызметкерлері антисептик, қолғап, санитайзерлермен толық қамтылған. 

«Біз мұны күнделікті тексереміз», – деді ол.