$ 498.34  519.72  4.85

Әл-Фараби мерейтойына орай тәрбие сағаты өтті

Әл-Фараби трактатындағы Жаратушы сипатын Мәшһүр Жүсіп пен Абай Құнанбайұлы сияқты даналардың сөзімен түсіндірілді.

Алматыдағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Тарих және құқық институты әлем тарихы кафедрасының оқытушысы Мамырбаев Дидар Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына орай тәрбие сағатын өткізді, – деп хабарлайды Skifnews.kz.

Аталған тәрбие сағатында Әбу Насыр әл-Фарабидің тұлғалық сипатын және «Қайрымды қала тұрғындарының көзқарасы» трактатындағы Жаратушы, көшбасшы, билеуші, жеке тұлғалардың бақытты өмір сүруінің, ізгілікті қоғам құрудың сырлары талқыланды.

Әл-Фараби трактатындағы Жаратушы сипатын Мәшһүр Жүсіп пен Абай Құнанбайұлы сияқты даналардың сөзімен түсіндірілді. Билеуші мен көшбасшының алты сипаты мен қайырымды қаланың тұрғындарының бес сипаты кеңінен баяндалды.

«Менің бұл тәрбие сағатын өткізу себебім, әл-Фараби бабамыздың 1150 жылдық мерейтойына орай, арнайы жастарға білім бергім келді. Ол үшін көп іздендім, көп дайындалдым. Себебі, ұлы ғұламаларымыздың ұлы мұраларын дәріптеу әрбіріміздің парызымыз деп білемін. Қазір төтенше жағдайға байланысты көп нәрсе шегеріліп отыр ғой. Бұйырса, әлі талай шаралар ұйымдастыратынымызға сенемін. Ең бастысы өскелең ұрпақтың бойына ұлылардың ұлылығын сіңдіре алсақ болғаны», – дейді Дидар Мамырбаев.  
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары