$ 443.85  474.3  4.8

«Ұлы дала мұраттары және әл-Фараби мұралары» дөңгелек үстел өтті

Онлайн-дөңгелек үстел университетіміздің тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Батхолдин Қалтай Сейтқажыұлы ашып берді. Басқосуда Ільяс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің профессоры, ф.ғ.д. Қасабеков Аманжол, «Әл-Фараби – данышпан тұлға» атты баяндама жасады.
фото: bilimdinews.kz
фото: bilimdinews.kz

Алматы технологиялық университеті, Білім және ғылым Министрлігінің және ЖОО-ның «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедралары Ассоциациясының қолдауымен, ZOOM платформасында ұлы ойшыл Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған «Ұлы дала мұраттары және әл-Фараби мұралары» атты республикалық онлайн-дөңгелек үстел өткізді, – деп хабарлайды Skifnews.kz.

Бұл іс-шараны университеттің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д. Қодар Зәмзә Мүтәшқызы ұйымдастырды.

Кездесуге Нұр-сұлтан қаласынан «Қазақстан халқы Ассамблеясының» мүшесі Джумурбаев Тимур Габдулович, әл-Фараби атындағы Қазақ  Ұлттық университетінің, Нур-Мубарак Египет ислам мәдениеті университетінің, Ільяс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің фарабитанушы ғалымдары, Алматы технологиялық университетінің «Кәсіптік оқыту және қоғамдық ғылымдар» және «Мемлекеттік және шет тілдері» кафедраларының әл-Фараби мұраларын насихаттаушы оқытушылары мен студенттері қатысты.

Онлайн-дөңгелек үстел университетіміздің тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Батхолдин Қалтай Сейтқажыұлы ашып берді. Басқосуда Ільяс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің профессоры, ф.ғ.д. Қасабеков Аманжол, «Әл-Фараби – данышпан тұлға» атты баяндама жасады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ  Ұлттық университетінің профессоры, фарабитанушы ф. ғ. д. Алтаев Жакыпбек әл-Фарабидің мұрасы туралы сөз қозғады. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д, профессор Құрманалиева Айнұр «Әл-Фараби мұрасындағы тіл мен логиканың байланысы» туралы айтты.
Алматы технологиялық университеті «Кәсіптік оқыту және қоғамдық ғылымдар» кафедрасының  доценті ф.ғ.к. Закирьянов Асхат – фарабитанудың маңызына, Нур-Мубарак Египет ислам мәдениеті университетінің доценті ф.ғ.к. Хамзеева Базаркүл «әл-Фараби»  ғылыми Орталығының  тарихына тоқталды.

Ільяс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің қауымдастырылған профессоры, ф.ғ.к. Аликенова Күлпан «Әл-Фарабидің мәдени тағлымы», әл-Фараби атындағы Қазақ  Ұлттық университетінің саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының профессоры ф.ғ.д. Әбдіғалиева Гүлжан, АТУ-дың «Кәсіптік оқыту және қоғамдық ғылымдар»  кафедрасының сениор-лекторлары,  с.ғ.к. Камырова Гүлжан  және Әшімова Зәйтуна әл-Фараби саяси көзқарастары  туралы, «Мемлекеттік және шет тілдері» кафедраларының лекторы Абдрахманова Қарлыға баяндама жасады.

Дөңгелек үстел өте қызықты өтті, ұстаздар пікірлерімен бөлісті, техникалық ЖОО-студенттеріне  «Әл-Фараби мұралары» атты арнайы курс идеясын ұсынды. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары