$ 444.22  476.38  4.82

Әл-Фарабидің мерейтойына онлайн-семинар өтті

Ал таным, ақиқат, парасат сияқты түсініктерді бойына жинаған тарихи білім болса ол, барынша киелі болып келеді. Өйткені, тарихты бұрмалау адамзатты топастыққа, надандыққа, қараңғылыққа апарып соқтырады.
фото: turkystan.kz
фото: turkystan.kz

Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің Тілдер кафедрасы ұйымдастыруымен «Батыс пен шығысты терең білімімен бас идірген ғұлама ғалым Әбу Насыр әл- Фараби бабамызға 1150 жыл» деген тақырыппен онлайн-семинар өтті, – деп хабарлайды Skifnews.kz.

Онлайн конференцияны ұйымдастыру шарасына мұрындық болған Тілдер кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Мира Мухамедияровнаның және оқытушыларының еңбектерін ерекше атап өту керек. Себебі, мұндай деңгейдегі іс-шараны онлайн формасында өткізу еліміздегі жаңа қадамдар. Жоғары оқу орындарының тәжірибесінде сыналып жатқан бұл жобаны ұйымдастырушылар көздеген мақсаттарына абыроймен жетті. Онлайн семинар аяғы конференцияға ұласып, еліміздің әр түкпірінен байланысқа шыққан студенттермен қоса Өзбек елінен де спикерлердің хабарласты.
 
«Ұйымдастырушылардың біліктілігі мен жауапкершілігі нәтижесінде онлайн байланыс ешбір кедергісіз, қалыпты жағдайда сәтті өтті. Қоғамдық кафедралар бірігіп, осындай маңызы бар, өте тиімді онлайн ғылыми жиындар ұйымдастыруға тәжірибе жинадық деп айтуға болады. Енді республика шеңберінде ғана емес, халықаралық деңгейде де осындай ғылыми конференциялар ұйымдастырамыз деген нық сенімге келдік», – дейді Әлеуметтік пәндер кафедрасының меңгерушісі Болат Кабдушев.

Әл-Фараби, «Бақытқа барар жолда жер басып жүрген адамдардың бәрі біріне-бірі көмектессе, онда береке мен бірлікке кенелеміз» - деген даналық сөзін айтса, расында да береке мен бірлік бар жерде, тынытық та бар деген сөз.

«Негізі, әл-Фараби шығармаларын оқып отырғанда, нағыз білім ақиқатқа негізделу керек болады. Ал таным, ақиқат, парасат сияқты түсініктерді бойына жинаған тарихи білім болса ол, барынша киелі болып келеді. Өйткені, тарихты бұрмалау адамзатты топастыққа, надандыққа, қараңғылыққа апарып соқтырады. Біз Ресейлік патша заманында да, кеңес дәуірінде де тарихты саясатта пайдаланған сондай зұлматтардыы көрген халықпыз. Қазіргі таңда тарихымызға қатысты өшкеніміз бен өткенімізді қалпына келтірудеміз. Ал бұл, кейбіреулер ойлағандай оңай мәселе болмай тұр. Қанша тырысқанымызбен тарихтың ақтаңдақтары бірінен соң бірі тізбектеліп шығып жатыр... Бұл жерде бізге, әл-Фараби бабамыздың мұраларына жүгіну-ауадай қажет деп ойлаймыз», – дейді Әлеуметтік пәндер кафедрасының профессоры  Б.Берлібаев.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары