Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың міндетін кім атқаратыны әлі белгісіз, деп хабарлайды Baq.kz
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп айтқан.
"Министрдің міндетін атқаратын адам анықталып, ресми түрде бұйрық шыққан кезде хабарлама жариялаймыз. Әлі министрдің орнына кім болатыны жайлы ақпарат жоқ. Бұйрық шыққан кезде ресми жарияланады", - деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, Денсаулық сақтау министрі де коронавирус індетін жұқтырғаны анықталған еді. Министр әлеуметтік желіге: "Бізге жиі жеке кездесулерге баруға, аймақтарға іссапарға шығуға тура келеді, мұндай жағдайда, әрине, COVID-19 жұқтыру қаупі де жоғары", - деп жазған болатын.