$ 494.87  520.65  4.91

Шығыстың ұлы дүлдүлі

Шығыс ойшылының өмірі мен шығармашылығына арналған онлайн шарада Әл-Фарабидің туған жері, өмірі туралы сұрақтар болды.

Әбу Насыр әл-Фараби – әлемге әйгілі ойшыл, философ, социолог, математик, астроном, музыка зерттеушісі. Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған Әл-Фарабиге биыл 1150 жыл толып отыр. Осы орайда Қызылорда облысы, Арал ауданы, Сексеуіл ауылдық кітапханасы оқырмандарға «Шығыстың ұлы ойшылы, дүлдүлі» атты ми шабуыл әдісі бойынша шара өткізді. Онлайн форматында өткен шара барысында әлеуметтік желі арқылы сұрақтар жолданды. Оқырмандар Әл-Фараби бабамыз туралы білімдерін ортаға салып, берілген сауалдарға белсене жауап берді.

Шығыс ойшылының өмірі мен шығармашылығына арналған онлайн шарада Әл-Фарабидің туған жері, өмірі туралы сұрақтар болды. Сонымен қатар, ғұламаның қанша тіл білгендігі, білімін қайда жетілдіргендігі, медицина саласы бойынша жазған ең күрделі еңбегінің қалай аталатындығы жайлы сауалдар жолданды. Одан әрі әлемнің екінші ұстазының шәкірттері жайында да сұрақтар қойылды. Сондай-ақ, Әл-Фараби шығармаларынан үзінділер беріліп, оқырмандар оның қай туындыдан алынғандығы жайлы жауаптарын комментарийлер арқылы жарыса жазды.

Сонымен қатар, кітапхана қызметкерлерінің Әл-Фараби туралы дайындаған ақпараттық бейнематериалы оқырмандар назарына ұсынылды. Онда екінші ұстаздың «Даналық інжу-маржандары», «Мейірімді қаланың тұрғындарының көзқарастары», «Философиялық трактаттар», «Музыканың үлкен кітаптары» атты еңбектері, трактаттары жайлы айтылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#әлФараби