$ 444.32  473.33  4.76

«Қазіргі жастар үшін ұяламын»: қазақстандықтар желіде тараған жаңа трендке наразы (ВИДЕО)

Әлеуметтік желі пайдаланушысы ұлы ақын Абайдың суретін қолданып, трендке айналған видео жариялады.
Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

Әлеуметтік желіде Абай Құнанбайұлы, Шәкірім Құдайбердіұлы, Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов сынды ұлт зиялыларының суреттері пайдаланылған тренд-видео шу туғызды. Желі қолданушылары қазақтың біртуар азаматтарын қорлады деп наразылық білдіруде, деп хабарлайды Stan.kz.

Әлеуметтік желі пайдаланушысы ұлы ақын Абайдың суретін қолданып, трендке айналған видео жариялады. Аз уақыт ішінде бейнежазба мыңдаған адам көріп, осынша пікір жинап үлгерді. Автор видеоны алып тастаудан бас тартып, Абай Құнанбаұлының жеке басын қорлау деп ойламайтынын жеткізді. 

Сонымен қатар, трендке айналған видеода Әлия Молдағұлова, Абылай хан, әл-Фараби сынды ұлы тұлғалардың суреті қолданылған.

Желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бірі мұнда ешқандай ұят еместігін айтса, енді бірі мұндай бассыздыққа барған адамды заңмен жазалау керек деп пікір жазуда. 

"Ешқандай қорлау көріп тұрған жоқпын, керісінше, суреттерге жан бітірген. Онда тұрған не бар екен, жалаңаш суретін салған жоқ қой", "Мұнда тұрған не бар екен? Түсінбеймін, онда интернетті мүлде қолданбай, айдалаға барып тұрыңдар", - деп оқырмандар видеодан еш өрескелдік көрмейтіндіктерін жеткізген. 

"Аңыз адамдармен ойнауға болмайды", "Автор өз жүзіңді көрсетші", "Құдайым-ау, не деген ұят! Ұлы адамдар ғой. Қалай дәті барды?", "Халықтың құрдымға кеткені осыдан көруге болады, әсіресе жастардың. Қазіргі жастар үшін ұяламын. Олар ұрпақтан-ұрпаққа  болашақтың кілтін ұстатты, ал нәтижесі осындай болды.Ұят, бетім-ай!, "Бұл тик-токты Қазақстанда қашан бұғаттайды екен?!" - деп пікір қалдырды ашуға булыққан желі қолданушылары. 

Естеріңізге сала кетейік, былтыр қазақстандық бойжеткен мобильді қосымшаның көмегімен қазақтың ұлы тарихи тұлғасы Төле бимен келбеті мен өзінің түрін ауыстырып, желі қолданушыларының ашуын туғызған еді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары