$ 498.34  519.72  4.85

«50 мыңнан астам адам коронавирусқа шалдығуы мүмкін» - ДСМ өкілі

Қазіргі уақытта Денсаулық сақтау министрлігі және Үкімет негативтік сценарийге, негативті болжамға дайын.
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов коронавирус инфекциясының келесі толқынының негативтік болжамына Үкімет дайын деді. Бұл туралы ресми өкіл Ұлттық арнадағы «Ашық алаң» ток-шоуында мәлім етті.

«Кез келген болжамның үш түрі болады. Біреуі негативтік, екіншісі болуы мүмкін – орташа,  үшіншісі позитивтік. Қазіргі уақытта Денсаулық сақтау министрлігі және Үкімет негативтік  сценарийге, негативті болжамға дайын. Егер де негативті сценарий орын алатын болса, онда Қазақстанда 50 мыңнан астам адам жақын арада осы індетке шалдығуы мүмкін. Ал оның алдын алу үшін барлық емханалар қазіргі уақытта дайын. Бұрынғыдай дәрі-дәрмек жоқ емес, қазір бар», - деп атап өтті ол.

Айта кетейік, ДДСҰ қыркүйек-қазан айларында коронавирустың екінші толқыны жойқын болуы мүмкін екенін мәлімдеген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#коронавирус