$ 448.15  483.46  4.86

Оралда жоғалған бала өлі табылды

Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр.
фото: uralinform.ru
фото: uralinform.ru

Кешкі сағат алтыда үйінен шығып, қайта оралмаған баланың туыстары бір күн бұрын  полицияға хабарласты. Бүгін оның денесі салынып жатқан тұрғын үй аумағынан табылды, деп хабарлады sputniknews.kz сайты.

9 жасар баланы полицейлер, туыстары және мүғалімдер бір тәулік бойы іздеген.

Даун синдромы бар бала бірінші топтағы мүгедек болған. Ол дұрыс сөйлей алмайтын.
Баланың денесі Ескі әуежай ауданында салынып жатқан үйдің аумағынан табылды. Полиция ол құрылыс алаңына барып, биіктіктен құлады деген болжам жасап отыр. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары