$ 494.87  520.65  4.91

Ауа райы болжамы: астана мен 6 өңірде дабылды ескерту жарияланды

Елордада таңертең және күндіз 15-20 м/с жел болады.
фото: ktk.kz
фото: ktk.kz

Қазгидрометтің хабарлауынша, бүгін, яғни 7 қыркүйекте елдің басым бөлігінде солтүстік және оңтүстік циклон әсерінен жаңбыр жауып, күн күркірейді. Оңтүстік және батыс аймақтарда жауын-шашын болмайды.

Солтүстік Қазақстан облысында желдің жылдамдығы – 15-20 м/с.
Қостанай облысында да қатты жел болады, тұман түседі.
Елордада таңертең және күндіз 15-20 м/с жел болады.
Ақмола облысында түнде және таңертең тұман түседі. Желдің жылдамдығы – 18 м/с.
Түркістан облысында солтүстік-шығыстан жылдамдығы секундына 15-20 метр жел соғады.
Павлодар облысында оңтүстік-батыс және батыстан 15-20 м/с жел соғады.
Атырау облысында қатты жел мен шаңды дауыл болады. Күндіз өрт қаупі жоғары.

Елордада түнде: +6+8°C, күндіз: +13+15°C. Желдің жылдамдығы - 9-15 м/с.
Алматыда жаңбыр жауады. Түнде:+11+13°C, күндіз +20+22°C.
Шымкентте жауын-шашынсыз. Түнде: +11+13°C, күндіз: +25+27°C.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары