Жаңалықтар 24.10.2020 сағат 03:10

Америкада жүрген қазақ жігіттері Боратты «Дикий Арманнан» бұрын тауып алды (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде Боратты тауып алып, жазасын беріп жатқан видеолары тарады
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Әлеуметтік желіде қазақстандық вайнерлердің Боратты тауып алып, жазасын беріп жатқан видеолары тарады, деп жазады nege.kz сайты.

Әлбетте, бұл видеолардың тарауына «Дикий Арман» лақап атымен танымал болған Арман Жұмагелдиевтің Боратты іздеп жатқаны себеп болса керек?! Желі қолданушылары әзіл араласқан видеолар  түсіре бастады.

Естеріңізке сала кетсек, Дикий Арман бұл туралы өзінің әлеуметтік желісінде мәлімдеген болатын.

«Ассалямуалейкум, қазақ халқым! Борат жайлы маған өтініштер көптеп келіп жатыр. Әрине, мен де болып жатқан жайттан хабардармын және менің де намысыма ауыр тиді. Айта кетейін дегенім, бұл бізден өте алыс мемлекетте болып жатыр. Сол себепті оны ұстау қиын. Біреулер оны Америкада десе, басқалар оны Англияда деп жатыр. Мен ол жайлы ақпараттар іздестірудемін. Борат жайлы білген-естіген нақты ақпараттарыңыз болса маған жазыңыздар. Тағы айта кетейін дегенім, мен “супермен” емеспін. Орыста мақал бар ғой, “Один в поле — не воин”. Шетелдегі болсын, елдегі болсын бүкіл қазақ бірігіп, еліміздің атына кір келтіріп жүрген Боратты тауып, жазасын берейік. Бәріміз бірігіп, бір жұдырықтай болсақ, Аллаһтың қалауымен кез-келген жауды жеңетінімізге сенімдімін», — деп жазған еді ол.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар