$ 443.35  475.54  4.82

Университетке қарулы топ шабуыл жасады: қаза тапқандар бар

Мәлімет бойынша, университетке ауғанның арнайы жасағы жіберілген.

Кабул қаласындағы университетке қарулы топ шабуыл жасап, салдарынан 20 адам қаза тапты, тағы 15 азамат жарақат алды.

Зардап шеккен және жараланған азаматтардың бәрі – университет студенттері. Мұның алдында Кабулдағы университет маңында жарылыс болған, кейін қарулы топ оқу орнының заң факультеті жанында атыс бастады. Сол уақытта ол маңда кітап көрмесінің ашылу салтанаты болып, оған Иран өкілдері қатысып жатқан болатын.

Мәлімет бойынша, университетке ауғанның арнайы жасағы жіберілген. Қауіпсіздік күші оқиға орнынан жүздеген адамды эвакуациялады. Кабулдағы университетке шабуыл жасаған әскерилердің бірінің көзі жойылды. Ауғандық Khaama Press агенттігінің хабарлауынша, оқу орны аумағына қарулы үш адам шабуыл жасаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары