$ 494.87  520.65  4.91

Атырау облысындағы Теңіз кенішіне жұмысшылары жалған ПТР тест анықтамасымен келген

Ресми тергеу жүргізіледі деп күтілуде.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Атырау облысындағы Теңіз кенішіне мердігер компаниялардың жұмысшылары жалған ПТР тест анықтамасымен келген, деп хабарлайды Baq.kz.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн-брифингте «Теңізшевройл» компаниясының Үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бөлімінің бас менеджері Рзабек Артығалиев мәлімдеді.
Мердігер мекемелердің кейбір қызметкерлері санитарлық бекеттерден жалған ПТР-тест анықтамаларды көрсету арқылы өткен фактілер анықталды. Осындай қызметкерлерге берілген рұқсаттар дереу жойылды. Өрескел фактілер туралы тиісті мемлекеттік органдарға хабарланды. Ресми тергеу жүргізіледі деп күтілуде, - деді Рзабек Артығалиев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары