$ 448.15  483.46  4.86

Президент мораторий мерзімін тағы бір жылға ұзартты

Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
фото: inform.kz
фото: inform.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізу туралы» жарлыққа өзгеріс енгізу туралы құжатқа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

«Квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 3 шілдедегі № 51 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 3 шілдедегі № 51 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 29, 245-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«1.  2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізілсін, оған мыналар:».

2.  Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», - делінген ресми құжатта. 

Естеріңізге сала кетейік, Тоқаев «Алтын сапа» конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде: «Біз мемлекеттің экономикаға араласу үлесін айтарлықтай азайту үшін біртіндеп жағдай жасаймыз. Биыл квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға жарияланған мораторий аяқталады. Бұл бағыттағы мақсатқа әлі толық қол жеткізілген жоқ деп санаймын. Сондықтан менің Жарлығыммен аталған мораторий келесі жылдың аяғына дейін созылады. Мемлекет оңтайлы бизнес орта қалыптастырудан бөлек, еліміздегі кәсіпкерлікті жан-жақты дамыту үшін жүйелі шаралар қабылдамақ», – деген болатын.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары