$ 448.89  477.93  4.76

Бердібек Сапарбаевқа коронавирусқа қарсы отандық вакцина салынды

Сондай-ақ, облыс әкімімен бірге С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің ректоры Талғат Нұрғожинге де отандық вакцина егілді.
Фото: inform. kz
Фото: inform. kz

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа қазақстандық QazCovid-in қазақстандық вакцина егілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аймақ басшысы вакцина тиімді тестілеумен және қолданыстағы алдын алу шараларымен бірге пандемияны бақылауға алуға көмектесетін маңызды құралға айналатынын атап өтті.

«Әлемдік сарапшылар қауіпсіз және тиімді вакцинаны жасау мен өндіруді жеделдету үшін көп жұмыс істеуде. Қордай ауданында орналасқан биологиялық қауіпсіздік мәселелері ҒЗИ-ы өзіміздің қазақстандық вакцинамызды да әзірледі. Еріктілерге арналған клиникалық зерттеудің алғашқы екі кезеңі сәтті өтті, оларда жақсы нәтиже көрсетті және жанама әсер болған жоқ. Қазіргі таңда Таразда клиникалық зерттеудің үшінші кезеңі жүргізілуде. Қазақстандық вакцина оң нәтиже көрсетіп, жаппай қолдануға ұсынылады деп үміттенемін», - деді Бердібек Сапарбаев.

Сондай-ақ, облыс әкімімен бірге С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің ректоры Талғат Нұрғожинге де отандық вакцина егілді.

Еске сала кетейік, 19 желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары әзірлеген QazCovid-in вакцинасының клиникалық үшінші кезеңде сыналып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары