$ 447.4  477.55  4.76

Үміткерлер «Сайрам-Тазалық» жұмысшыларымен кездесті

Келелі кездесу барысында халықтың өмірі, еңбегі, денсаулығы, білімі, әл-ауқаты, құқығының қорғалуы басты назарға алынғанын жеткізді.

Кезекті "ЭКСПРОМТ" кездесу, Сайрам ауданы "NurOtan" партиясының сайлау алды үгіт насихат жұмыстарын, Сайрам ауданы, Ақсукент ауылындағы «Сайрам-Тазалық» ЖШС қызметкерлеріне түсіндіріп-баяндау үшін ұйымдастырылды.

Үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге Сайрам ауданы мәслихаты депутаттығына үміткерлер Ф.Файзуллаев пен А. Юсупов "Nur Otan" партиясының алдағы бес жылда атқарылатын бағдарламаларын, партияның жетістіктерімен, қоғамдық қызметтерімен және жоспарларымен таныстырып, үнпарақтар таратты.

Келелі кездесу барысында халықтың өмірі, еңбегі, денсаулығы, білімі, әл-ауқаты, құқығының қорғалуы басты назарға алынғанын жеткізді.

Осы бағыттарда көптеген жобалар жасақталып, партия уәдесінің орындалуына ықпал ететінін тілге тиек етілді. Сондай-ақ қызметкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, ұсыныс пікірлері тиісті мекеме басшыларына жеткізілетіні айтылды. Біздің ортақ мақсат - әрбір тұрғынның өмір сүру деңгейін арттырып "Әр азаматқа лайықты өмір" сыйлап, жұмыстарының жандануына жәрдемдесу. Жалпы көптеген мәселені шешу шарасы, партияның 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасында қарастырылған.

Nur Otan" партиясы нақты жоспарлар мен істердің партиясы.  

10 қаңтарда партиямызға бірге дауыс берейік! 
#bizbirgemiz 
#jenimpazbol 
#tandau2021
#nurotan


Ескерту! «Nur Otan» партиясы Сайрам аудандық Сайлау қорының қаражатынан төленді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары