$ 498.34  519.72  4.85

Шетелге барып келген 11 қазақстандықтан коронавирус анықталды

Шарм-Эль-Шейх – Қостанай рейсімен анықтамасыз келген 11 жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды.
фото: inform.kz
фото: inform.kz

30 желтоқсанында Қазақстан аумағына Нидерланды, Ұлыбритания, Мысыр, Түркия, БАӘ, Беларусь және Өзбекстан елдерінен 9 халықаралық әуе рейсімен 1 258 жолаушы келді. Олардың ішінде теріс нәтижесі бар ПТР-анықтамамен 1 044 адам келсе, 214 қазақстандықта тиісті анықтама болмаған.

Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Оның ішінде:

Алматы әуежайына – 4 рейс (526 жолаушы, анықтамамен – 510, анықтамасыз – 16);

Нұр-Сұлтан әуежайына – 3 рейс (469 жолаушы, анықтамамен - 286; анықтамасыз – 183);

Атырау әуежайына – 2 рейс (263 жолаушы, анықтамамен - 248; анықтамасыз – 15).

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестілеуден өтті және карантиндік стационарларда нәтижесін күтуде.

Ал 29 желтоқсанында Шарм-Эль-Шейх – Қостанай рейсімен анықтамасыз келген 11 жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары