ҚР Денсаулық сақтау министрлігі өткен тәулікте тіркелген коронавирус пен КВИ белгілері бар пен пневмонияға шалдығушылар туралы ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды zakon.kz.
Өткен тәулікте коронавирустан 4 адам қайтыс болды. Пневмония бойынша кісі өлімі фактісі тіркелмеді.
6 қаңтардағы мәлімет бойынша, 22 791 адам короновирус инфекциясынан (10 722 КВИ+ және 12 109 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 5 212 пациент стационарда, 17 579 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
299 адамның жағдайы ауыр;
45 науқастың жағдайы өте ауыр;
44 науқас ӨЖЖ аппаратына қосылған.