$ 441.66  475.14  4.86

Трамп қоштасу бейнеүндеуін жазды

Бейнеролик сейсенбіде жариялануы мүмкін.

АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамп Ақ үйде қоштасу бейнеүндеуін жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy CNN-ге сілтеме жасап. 

Видеода Трамп Мемлекет басшысы ретіндегі төрт жылдағы жетістіктері туралы айтқан болуы керек. Бейнеролик сейсенбіде жарияланады деп күтілуде. 

Ақпарат дереккөзі президент Трамптың Ақ үйдегі соңғы күндері АҚШ Құпия қызметі өткізіп жатқан қауіпсіздік брифингтерін тыңдаумен өтіп жатыр деп хабарлайды.

«Дональд пен Мелания Трамп сәрсенбі күні таңертең Вашингтоннан кетеді, оларды көмекшілер сүйемелдейді», - делінген CNN берген мәліметте.

Еске салайық, Байденнің инаугурациясы 20 қаңтарда өтеді. Айтулы шараға дайындық мақсатында және 6 қаңтардағы Капитолий шабуылынан кейін ел астанасы Вашингтонда бұрын-соңды болмаған қауіпсіздік шаралары қабылданды.

Трамп жаңа президентті ұлықтау рәсіміне қатысудан бас тартты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары