$ 492.65  525.71  5.03

Елордада ер адам әйелін пышақтап өлтіріп, соңынан өзіне қол жұмсады

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

16 қаңтарда елорданың тұрғын үй кешенінің бірінде кісі өлтіру оқиғасы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Пәтерлердің бірінде туыстар арасында жанжал болып, оның барысында күйеуі әйеліне пышақ жұмсаған, содан кейін оның әпкесіне де бірнеше жарақат салған. Қайын әпкесі пәтерден қашып шығып, көршілерін көмекке шақырып үлгерген. Олар өз кезегінде полицияға қоңырау шалған. Бұл уақытта ер адам пәтердің есігін жауып алған. Полиция қызметкерлері есікті бұзып кіргенде 46 жастағы әйел мен оның жұбайының мәйітін тапқан. Ер адам өзін пышақтап тастаған.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары