$ 494.87  520.65  4.91

Елімізде жұмыртқа бағасы неге қымбаттап кетті?

Ең қымбат баға - елордада.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Белгілі болғандай, елде жұмыртқаға тапшылық болмаса да, бағасы шарықтап кеткен, деп хабарлады Skifnews.kz ақпараттықпорталы "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

Мамандардың айтуынша, қымбатшылыққа құс тұмауы әсер еткен болуы мүмкін. Әрі сұраныс та артқан. Қазір сауда орындарында жұмыртқаның 10 данасы 600 теңге шамасында сатылып жатыр. Ең қымбат баға - елордада. Мұнда 620 теңгеден.

"Біз өнімнің не себепті қымбаттап кеткенін анықтайтын боламыз. Негізі тауар бағасын Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мамандары қадағалау қажет. Олар мониторинг жүргізеді. Жаз мезгілінде сұраныс азайып, жұмыртқаның бағасы төмендейді деп ойлаймыз. Қазір сол агенттікпен бірлесіп бұл мәселені анықтап, жағдайды тұрақтандыру бойынша жұмыстар жүргізетін боламыз", – деді Ауыл шаруашылық министрлігі Аграрлық азық-түлік нарықтары, органикалық өнім және техникалық реттеу департаментінің директоры Зейнолла Шәріпов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары