$ 494.87  520.65  4.91

«Қазақстанға коронавирусқа қарсы вакцинаның қажеті жоқ...» – дәрігер (ВИДЕО)

"Халықты коронавирустан қорғайын деп ойлап жатқан ешкім жоқ. Қаражатты бөліп алу үшін ойлап тапқан деп ойлаймын..."

31 арнаның "Сөздің шыны керек" бағдарламасында медицина ғылымдарының кандидаты, дәрігер Қайырғали Көнеев осылай айтты, деп хабарлады paryz.kz.

Дәрігердің айтуына қарағанда, вакцинаның сапасына күмән жоқ. Десе де біздің ел үшін жаппай вакцинация қажет емес көрінеді. Өйткені бүгінде ұжымдық иммунитет қалыптасып үлгерген. Бірақ оны тексеріп, скринг жүргізіп жатқан ешкім жоқ екен.

"Бекшиннің айтуынша, қала халқының 55 процентінде коронавирусқа қарсы антидене бар. Алматылықтардың 55-60 проценті коронавируспен бір ауырып, тәуір болды. Осы жағдайда Қазақстанға вакцинаның қажеті жоқ. Халықты коронавирустан қорғайын деп ойлап жатқан ешкім жоқ. Қаражатты бөліп алу үшін ойлап тапқан деп ойлаймын", – деді дәрігер, журналист Ирина Советжанқызына берген сұхбатында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары