$ 494.87  520.65  4.91

Алтай Көлгінов 2021 жылы 7 мыңнан аса үлескердің үйлі болатынын атап өтті

Көлгінов есеп беру кездесуінде үлестік құрылыс проблемалық мәселелердің бірі екенін және бұл ел Президентінің бақылауында екенін атап өтті.

Елорда әкімі Алтай Көлгінов 2021 жылы Нұр-Сұлтандағы 18 проблемалық тұрғын үй кешенін жөндеуге уәде берді. Оның айтуынша, жеті мыңнан аса үлескер өз пәтеріне қоныстана алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Көлгінов есеп беру кездесуінде үлестік құрылыс проблемалық мәселелердің бірі екенін және бұл ел Президентінің бақылауында екенін атап өтті.

"15,5 мың үлескер жылдар бойы өз баспасын күтіп жүр. Мемлекет бақылауға алды. Атқарылған жұмыстардың арқасында 2019 жылы біз 10 нысанды іске қостық, 3,5 мың үлескер, 2,5 мың отбасы пәтер алды. 2020 жылы 20 тұрғын үй кешені ашылды. Биыл жұмысты екпінді жүргізгіміз келеді. Қосымша қаражат бөлінді, 18 тұрғын үй кешені пайдалануға беріледі. Бұл 50-ден аса үй және жеті мыңнан астма үлескер", - деді Көлгінов.

Әкімнің айтуынша, құрылысты жобалық-сметалық құжаттаманың болмауы, үлескерлер арасындағы даулар, сот даулары, сондай-ақ қаржыландырудың болмауы сияқты проблемалар тежеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары