$ 494.87  520.65  4.91

Елордада әлеуметтік салаға 43 млрд теңге бағытталған

Мысалы, экономиканың және инфрақұрылымның нақты секторын қолдауға 25,7 миллиардтан астам теңге бөлінді.
фото: newsroom.kz
фото: newsroom.kz

Нұр-Сұлтан әкімдігінің жергілікті бюджетін оңтайландыру шамамен 43 миллиард теңгені құрады.  Үнемделген қаражат әлеуметтік саланы, инфрақұрылымды дамытуға, экономикалық секторды, денсаулық сақтауды, білім беруді және т.б. қаржыландыруға бағытталған. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы елорда әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

«Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау шеңберінде мемлекет пен квазимемлекеттік сектордың өнімсіз шығындарын азайту бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді. Оңтайландырылған қаражат нақты әлеуметтік мәселелерді шешуге, індет кезінде шағын және орта бизнесті қолдауға, жұмыспен қамту мәселелеріне, қаланың инфрақұрылымын жақсартуға және қоғам үшін өзекті басқа салаларға бағытталды.

Мысалы, экономиканың және инфрақұрылымның нақты секторын қолдауға 25,7 миллиардтан астам теңге бөлінді.  Бұл апаттық жағдайдағы үйлерді бұзу, жолдар, аулалар салу, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу, шағын және орта бизнесті несиелеу, тұрақтандыру қорын толтыру, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын ұстап тұруға арналған несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау және басқалар», - деді елорда әкімі Алтай  Көлгінов.

Білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік көмекке қосымша 10,5 миллиард теңге бөлінді: әлеуметтік көмек көрсетуге;  қашықтан оқытуды ескере отырып, аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларға компьютерлер, маршрутизаторлар, мектеп киімдерін сатып алу үшін.  Сондай-ақ медициналық техниканың қосымша көлемін сатып алуға және т.б.  Сонымен қатар медицина саласы бойынша әкімдіктің резервіне шамамен 6 миллиард теңге қарастырылған.

Оңтайландыру барысында бірқатар қымбат нысандар таратылып, сенімгерлік басқаруға берілді, ведомстволық бағынысты ұйымдардың басқару құрамы қысқартылды және т.б.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары