Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің халыққа есеп беру кездесуінде жарық сөніп қалды. Алайда әкім оған қарамастан тұрғындардың сұрағына жауап беруін жалғастырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Эфир видеосы онлайн кездесу біткеннен кейін YouTube-тен өшірілген.
Шымкент әкімдігі жағдайға байланысты түсінік бермеді.
Еске салайық, бұған дейін Жамбыл облысы әкімі Бердібек Сапарбаевтың халыққа есеп беру кездесуінде де күтпеген оқиға болған еді. Әкім сұрақтарға жауап беріп жатқан кезінде мінбердегі елтаңба құлап қалды.
Кездесу 19 ақпанда онлайн форматта өткен болатын. Тікелей эфирде аймақ тұрғындары әкімге сұрақтарын қойды. Екі сағаттан астам уақытқа созылған кездесу әлеуметтік желілерде таратылды.
Видео Динара Бекболаева/Baigenews.kz