$ 443.44  480.51  4.88

Депутаттарға қашан вакцина салынады?

Қазірдің өзінде 20 мыңға жуық медициналық қызметкер коронавирусқа қарсы екпе алды.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

Денсаулық сақтау вице-министрі Ерлан Қиясов Парламент депутаттары мен Үкімет мүшелеріне вакцина қашан салынатындығын айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Олар мемлекеттік қызметкерлермен тең дәрежеде вакцинациялауға жатады. Ал бұл кезең медициналық қызметкерлер, мұғалімдер қауымы, әскери қызметкерлер толыққанды вакцинациялаудан өткен соң жүзеге асырылады, сонымен қатар өзге де мемлекеттік қызметкерлерге екпе салу көзделген, - деді бас санитарлық дәрігер орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, бұл кезең болжам бойынша, наурыз айының соңы және сәуірдің басы болуы тиіс.

Біз ол кезде қолжетімді кез-келген вакцинаны қолданатын боламыз. Сірә, бұл - "Sputnik V" болады - деді ол.

1 ақпанда Қазақстанда ерік білдіргендерді жаппай вакцинациялау науқаны басталды. Қазірдің өзінде 20 мыңға жуық медициналық қызметкер коронавирусқа қарсы екпе алды.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары