$ 498.34  519.72  4.85

Елордада қазақ мемлекетінің тарихы туралы кітаптардың тұсауы кесілді

Бұл кітаптар жаңа фактілерге негізделген және қазақ мемлекеттілігі тарихындағы маңызды кезеңдер туралы егжей-тегжейлі баяндайды.

  Бүгін Елбасы кітапханасында қазақ мемлекетінің тарихы туралы жаңа кітаптар таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елбасы кітапханасында «Ұлы дала және Қазақ мемлекеттілігі: жаңаша ой мен тың көзқарас» халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференциясында белгілі тарихшы, профессор Бүркітбай Аяғанның «Ұлық Ұлыс – Алтын Орда мемлекеті тарихы» атты қос тілді дәрістер жинағының тұсауы кесілді.

 Бұл кітаптар жаңа фактілерге негізделген және қазақ мемлекеттілігі тарихындағы маңызды кезеңдер туралы егжей-тегжейлі баяндайды.

 «Елбасымыздың кітапханасында жүзеге асырып жатқан тұсаукесер біздің қоғамды, оның ішінде шетелдіктерді біздің замандастарымыздың, ғалымдарымыздың, жазушыларымыздың, суретшілеріміздің, музыканттарымыздың тәуелсіздігіміздің рухани және мәдени мұрасын дамытуға зор үлес қосқан жетістіктерімен таныстыруды көздейтін «Тәуелсіздіктің мәдени кодв» атты ірі жоба аясында өтіп жатқанын атап өткім келеді», - дейді Елбасы кітапханасының директоры, саяси ғылымдардың кандидаты Бақытжан Темірболат. 

Сондай-ақ, іс-шараға Висконсин университетінің құрметті профессоры Юлай Шамильоглу (АҚШ), Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтының профессоры, тарих ғылымдарының докторы Зейнолла Самашұлы, Түркі әлемі институтының директоры, Саясаттану факультеті Халықаралық қатынастар бөлімінің қауымдастырылған профессоры (доцент) Мерием Хаким (Түркия), ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының бөлім басшысы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Ғани Қарасаев, Ресей ІІМ Уфа заң институты Мемлекет және құқық тарихы мен теориясы кафедрасының профессоры, Башқұртстан мемлекеттік университетінің Ресей тарихы, деректану және тарихнама кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы Роза Буканова (РФ, Уфа), Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Мақсат Алпысбес, ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері, PhD Жақсылық Сәбитов, т.б. да баяндама оқыды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары