$ 443.44  480.51  4.88

Ақтауда белгісіз ер адам тіс емханасын тонап кетті (ВИДЕО)

Видеода қылмыс кезінде медициналық мекеменің төрт қызметкері екі ер адам және екі әйелдің оқиға орнында болғанын көруге болады.

Ақтауда белгісіз ер адам стоматологиялық клиникаға кіріп, қызметкерлерді пышақпен қорқытып, кассадан 200 мың теңге алып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz "Лада" басылымына сілтеме беріп.

Қаражатты алған ер адам белгісіз бағытқа қашып кеткен.
Белгілі болғандай оқиға 6 наурыз күні түстен кейін 11-шағын ауданда болған. Тонау оқиғасы бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Видеода қылмыс кезінде медициналық мекеменің төрт қызметкері екі ер адам және екі әйелдің оқиға орнында болғанын көруге болады.

Стоматология қызметкерлерінің айтуынша, күдікті ұсталған. Маңғыстау облысы полиция департаменті оқиға қатысты түсіндірме беретінін хабарлаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#тонау #Ақтау