$ 494.87  520.65  4.91

«Масқара!»: Шымкентте Қонаев даңғылы қирап жатыр (ФОТО)

"Мына түрімізбен қалай ел боламыз, ағайын", - дейді ол.
Фото: facebook.com/assandi
Фото: facebook.com/assandi

Шымкент қаласы бойынша Арнайы мониторингтік топ жетекшісі әрі блогер Әсет Әссанди Шым қаланың жолдарының сапасын тексерді. Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарттық порталы.

"ҚОНАЕВ, ҚАЙДА ҚҰРМЕТІҢ? ҚАЗИЕВ, ҚАЙДА ҚҰРМЕТІҢ? 

Шымкент қаласы бойынша Арнайы мониторингтік топтың кезекті рейді қала жолдарының сапасына арналды. Бүгінгі көргенімізді "масқара!" деген бір ауыз сөзбен ғана бағалауға болатындай.Қала көшелері мен даңғылдарының аянышты түрін көріп:

"Бүкіл жемқорларды қарғыс атсын!" деп айқайлап жіберуге шақ қалдық. Міне, ХХІ ғасырдағы жеткен жетістіктеріміз! Қонаев даңғылы қирап жатыр, Қазиев көшесі жылап жатыр, Інжу-Маржан көшесінің аты жақсы болғанымен, заты сол атқа лайық емес. Ал, Мейірімді көшесінің қала тұрғындарына деген мейірімі – ғайып-елес! Мына түрімізбен қалай ел боламыз, ағайын", - дейді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары