$ 448.89  477.93  4.76

ҚМДБ осы жылдың ораза кестесін жариялады

Биылғы Рамазан айы 13 сәуір мен 12 мамыр арасына түсіп тұр.

Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы биылғы Ораза кестесін жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Биылғы Рамазан айы 13 сәуір мен 12 мамыр арасына түсіп тұр. Бұл туралы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кеңейтілген төралқа мәжілісінде айтылды. Төралқа Мәжілісі мүшелерінің бірауызды шешімімен биылғы пітір садақа мөлшері – 420 теңге болып бекітілді.

Пітір садақаны Рамазан айының бірінші күнінен ораза айт намазына дейін беруге болады.

9 мамырға қараған түні - қасиетті Қадір түні. 

13 сәуірде Астанада сәресі таңғы 4:43-те бітеді, ал ауызашар уақыты - 20:12. Кейін күн сайын сәресі мен ауызашар уақыты ұзара береді.

Барлық қаланың ораза кестесін мына жерден қарауға болады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары