$ 494.87  520.65  4.91

«Қазақстан мұғалімі» сыйлығының жеңімпазына 10 мың доллар беріледі

Үздік 10 финалистің сауалдамалары педагогтерге ар­налған Нобель сыйлығының аналогы – «Әлем мұғалімі» жаһандық сыйлығының іріктеу турына қатысуға бағытталады, онда жеңімпаз 1 млн доллар алады.
Фото: Ашық дереккөзі
Фото: Ашық дереккөзі

Қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту қоры «Қазақстан мұғалімі» беделді ұлттық сыйлығының үшінші маусымын іске қосады. Сыйлық жеңімпазына 10 мың доллар ақшалай сыйлық беріледі, үздік 10 финалистің сауалдамалары педагогтерге ар­налған Нобель сыйлығының аналогы – «Әлем мұғалімі» жаһандық сыйлығының іріктеу турына қатысуға бағытталады, онда жеңімпаз 1 млн доллар алады.

Сыйлыққа қатысатын мұғалім ресми сайтта сауалдаманы толтыруы керек (WWW.TEACHERPRIZE.KZ). Сауалдамалар 2021 жылдың 1 сәуірінен 1 тамызына дейін қабылданады. Сауалдамаларды бағалаудың негізгі өлшемшарттарының бірі – мұғалімнің әлеуметтік маңызды қоғамдық қызметке қатысуы. Тәрбиешінің әлеуметтік жобалардағы жұмысы балаларды, жас ұрпақты біріктіруге, олардың өзара іс-қимылын шығармашылықпен, қоғам игілігі үшін пайдалы істермен то­лықтыруға, олардың өзін-өзі тануын рухани адамгершілік және гуманистік бағытта тәрбиелеуге мүмкіндік береді.

Үздік үміткерлерді іріктеуді қазылық құрамына Білім және ғылым министрлігінің, ата-аналар қоғамдастығының өкілдері, білім беру саласындағы тәуелсіз сарапшылар, тәрбиешілердің жетекші мамандары, қоғам қайраткерлері, еліміздің филантроптары кіретін тәуелсіз судьялар академиясы жүргізеді.

Іріктеу «Әлем мұғалімі» жаһандық сыйлығын ұйымдастырушы Варке Қорының (Varkey Foundation) белгіленген өлшем­шарттарына сәйкес өтеді. Халықаралық аудиторлық компания іріктеу процесінің аудитіне, бағалауына және тестілеуіне қа­тысады және іріктелген кандидаттардың беделі мен өмірбаяны бойынша тереңдетілген скрининг жүргізеді.

Қазақстанның тәрбиешілерге арналған жаһандық сыйлыққа қатысуына мүмкіндік берген – Қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту қорының басшысы Әлия Назарбаева. Мұғалімдер – қоғамдағы өзгерістердің кілті. «Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығының миссиясы – мамандықтың беделі мен мәртебесін арттыру, белсенді мұғалімдер арасында ынтымақтастық орнату.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары