$ 447.4  477.55  4.76

Алматы облысында 5 көлік соғысып, 3 адам көз жұмды

Қатты соққыдан Audi аударылып қалды.

5 сәуірде түнде Алматы облысының Өтеген батыр ауылына кіре беріс жерде ауыр жол апаты болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Жылдамдықты тым асырған RX300 жүргізушісі белгісіз себеппен Покровка ауылы мен Өтеген батыр ауылының арасындағы жолда қарсы бағытқа шығып кетіп, Volkswagen Golf көлігін соқты.

Соққы алғаннан кейін Volkswagen қарсы бағыттағы жол жиегіндегі темір қоршауға соғылды.

Lexus онымен тоқтамай, қарсы бағыттағы жолда келе жатқан Pontiac Vibe көлігін бір түйреп өтіп, жылдамдығы басылмаған күйі Audi 100 көлігін қоса соқты.

Қатты соққыдан Audi аударылып қалды. Одан кейін Lexus барып Hyundai Accent көлігін соғып, аударылған.

Апат салдарынан үш адам қаза тапты. Audi-де отырған жүргізуші мен мен оның жолаушысы болған жүкті әйел оқиға орнында қайтыс болды. Кейінірек Hyundai жүргізушісі де жан тапсырды деген мәлімет жетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары