Жаңалықтар 05.04.2021 сағат 17:20

«Жемқорлық жалпы халыққа зиянын тигізеді» – Бас мүфти

Сондықтан Бас мүфти жемқорлық үлкен күнәнің қатарына жататындығын баса айтады.
«Жемқорлық жалпы халыққа зиянын тигізеді» – Бас мүфти
Фото: ашық дереккөзі
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Жемқорлық мемлекеттің дамуына кедергі болғандықтан үлкен күнә болып саналады. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Құранның Мәида сүресінің 42-аятында Алла Тағала: «Олар - өтірікке құлақ салушы, арам жеушілер. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.), егер олар саған келсе араларына үкім бер немесе олардан жүз бұр. Егер олардан жүз бұрсаң саған ешбір зиян келтіре алмайды. Ал егер араларына үкім берсең, тура үкім бер. Шексіз Алла турашылдарды сүйеді» деген. Бұл аятты тәпсірші ғалымдар арам жеушілер дегенді өзгенің мал-мүлкін иемдену, ақысын жеу деп түсіндірген. Яғни, адамдар өзінің мансабын, басқа да басымдықтарын пайдаланып, өзгенің мал-дүниесін нақақтан, арам жолмен алуы күнә екендігін жоғарыдағы аят сіз бен бізге айтып отыр. Ал енді пайғамбарымыздың хадисіне келер болсақ, «лауазымды қызметтегі тұлғаға берілген сыйлық арам жолмен келген жалақы» деген сөз бар. Яғни біреудің лауазымын пайдаланып, соған сыйлық беріп, өз мақсатына жеткізгісі келетін адам және сол лауазымын пайдаланып, адамдардан арам жолмен пара алған адамның жағдайын пайғамбарымыз осылай сипаттап берген» - деді ҚМДБ төрағасы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі алаңында өткен брифинг барысында.

Сондықтан Бас мүфти жемқорлық үлкен күнәнің қатарына жататындығын баса айтады.

«Жемқорлық тек бір адамға ғана емес жалпы халыққа зиянын тигізеді. Өйткені, жемқорлық мемлекеттің, елдің дамуына кедергі болады. Сол себепті бұл үлкен күнә болып саналады. Жоғарыдағы аяттарда да Алла тағала арам жолмен дүние таппау керектігін ескертеді. Қазіргі таңда көп адам «бұл дүниеде құтылып кетемін, бәрі ұмытылады» деп ойлайтын шығар. Бірақ, бұ дүниеде құтылғанмен екі иықта 2 періште тұрғанын, барлық амалды жазып отырғанын есімізден шығармауыз керек. Сонда, иншалла, мұндай күнәға бармай аман боламыз», - деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар