$ 446.49  475.38  4.79

Алматыда жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады

Жол апатының видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Алматыда жедел жәрдем көлігі мен жеңіл көлік соқтығысып, бір адам зардап шекті.

Жол апатының видеосы әлеуметтік желіде тарады. 

Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі апаттың 5 сәуір күні Сейфуллин көшесі мен Райымбек батыр даңғылында болғанын мәлім етті. 

«Hyundai H 350» автокөлігінің жүргізушісі Сейфулин даңғылымен оңтүстік бағытта келе жатып «ВАЗ 2115» автокөлігімен соқтығысты. Жол-көлік апаты салдарынан 1996 жылы туған «ВАЗ 2115» жүргізуші зардап шекті. Дәрігерлер тексергеннен кейін ол сол жерде қалды»,- дейді Алматы қалалық ПД тергеу басқармасының бастығы Олжас Шәріпов. 

Материалды Алмалы аудандық полиция басқармасы зерттеп жатыр.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары