$ 498.34  519.72  4.85

Америкалық блогер Coca-Cola-ның тіске зиянын эксперимент арқылы көрсетті (ВИДЕО)

Газдалған тәтті сусынның тісті де ерітіп жіберетіні туралы мифтың қаншалықты шындыққа жанасатынын америкалық блогерлер тексеріп көрді. Олар Coca-Cola мен Mountain Dew сусындары құйылған екі шөлмекке адамның тістерін салып, үш апта бойы бақылаған. Зерттеу нәтижесі YouTube видеопорталында жарияланды.

Иә, адам тістері тәтті сусын ішінде тұрып еріп кетпесе де әртүрлі деңгейде айтарлықтай бүлінген. Эксперимент жүргізген блогердің айтуынша, Coca-Cola-ға салынған тіс қарайып, жиіркенішті кейіпке енген.

Екі күн ішінде аталған зерттеудің видеонұсқасын 200 мыңнапн астам адам тамашалады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#видео