$ 498.34  519.72  4.85

Орыс туристері жарақат алған достарын тауда жалғыз тастап кеткен

Краснояр өлкесіндегі «Ергаки» табиғи паркіне серуенге шыққан мәскеулік туристер ұшақтан кешігіп қалмас үшін жарақат алған адамның жалғыз өзін тауда қалдырып кеткен. Бұл туралы «Интерфакс» агенттігі хабарлады.

«Светлое көлінің маңындағы тауда 30 жастағы турист аяғынан ауыр жарақат алып, өздігімен жүре алмай қалған. Онымен бірге тауға шыққан төрт досы болса ұшаққа кешігіп қалмас үшін, науқастың жалғыз өзін жарты жолда қалдырып кетіпті», — делінген аталған хабарламада. Белгілі болғандай, туристер үйлерінде әйелдерінің күтіп отырғанын сылтауратқан.

Бұл аздай, төрт жігіт ұшаққа үлгеріп, үйлеріне жеткеннен кейін де құтқарушыларға хабар бермеген. Тек араға бір тәулік салғаннан кейін ғана жарақат алған туристің анасы оған іздеу салып, мамандардан көмек сұраған. Көп ұзамай құтқару қызметінің өкілдері тауда ауыр халде жатқан жігітті тауып алды.

Осы жайттан кейін Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігі саяхатқа шығар кезде есі дұрыс жанашыр дос таңдауға кеңес берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары