$ 444.22  476.38  4.82

Тәжіктердің өз Шымкенті бар

Тәжікстанның Худжанд қаласындағы бір орамға Шымкент деген атау берілді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Биыл 25 тамызда Тәжікстандағы Қазақстан елшілігінің бастамасымен және ОҚО әкімдігінің қолдауымен қазақ делегациясының Худжанд қаласына сапары ұйымдастырылды. Дәл осы сапар барысында тәжікстандық қаладағы үлкен бір орамға "Шымкент" атауы берілген. Мұны Тәжікстан билігі Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнап отыр. Осылайша, бауырлас ел қос мемлекет арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға ниетті екенін білдірді.

Аймақтағы әдеуметтік-экономикалық жағдаймен танысқан қазақстандық делегация Соғды облысының кәсіпкерлерімен кездесті. Жиын барысында тәжікстандық тарапқа Оңтүстік Қазақстан облысының инвестициялық әлеуеті таныстырылған.

"Іс-сапар нәтижесінде ОҚО мен Соғды облысының басшылары екіжақты серіктестікті одан әрі дамыту үшін бірлесе жұмыс істеуге уағдаласты", - делінген ҚР СІМ таратқан хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары