$ 498.34  519.72  4.85

Мерекелік отшашудың болмауы Ислам Каримов сырқатымен байланысты емес - өзбек билігі

Өзбекстанның тәуелсіздік күніне арналған мерекелік отшашу Ташкентте 1 қыркүйек күні болмайды. Алайда, бұл жайттың ел президенті Ислам Каримовтың ауыр сырқатына қатысы жоқ дейді Ташкент әкімдігінің баспасөз қызметі.

Басты себеп - осы күні футболдан Өзбекстан мен Сирия құрамаларының арасында жолдастық кездесудің өтуі дейді жергілікті билік өкілдері. Аталған матч жергілікті уақытпен кешкі сағат 20:00-де басталады. Оны 30 мыңдай жанкүйер тамашалайды деген болжам бар.

«Кешке мерекелік шаралардан, футбол матчынан қайтқан адамдардың көп болуынан жол тығындары орын алуы ықтимал. Осыған байланысты әкімдік отшашудың уақытын өзге күнге сырғытуға шешім қабылдады», — делінген Ташкент билігі таратқан хабарламада.

Айта кетейік, 30 тамыз күні Өзбекстан билігі тәуелсіздік күніне арналған ресми шаралардың бәріне тыйым салған болатын. Оның себебі нақты айтылмаса да БАҚ өкілдері мұны президент Ислам Каримовтың ауыр сырқатымен байланыстырды.
Ал, ел тұрғындарын тәуелсіздік мерекесімен премьер-министр Шавкат Мирзиёев құттықтайтын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары