$ 444.22  476.38  4.82

Әлемдік кино саласына қосқан үлесі үшін Джеки Чанға "Оскар" сыйлығы беріледі

Танымал киноактер және режиссер Джеки Чан кинематография саласына қосқан өлшеусіз үлесі үшін "Оскар" сыйлығын алатын болды.

Бұл туралы аталған кинопремияны берумен айналысатын Америка кинематографиялық өнер мен ғылым академиясының өкілдері мәлімдеп отыр. "Оскар" мүсінін салтанатты табыстау рәсімі 12 қараша күні Лос-Анджелесте өтеді.

62 жастағы актердан бөлек "Оскар" мүсіні кино саласында жарты ғасырдан астам еңбек еткен тағы тұлғаға берілетін болады. Олар: деректі фильмдер режиссері Фредерик Уайзман, монтаж маманы Энн Коутс және актерларды іріктеу бойынша режиссер Линн Сталмастер.

Энн Коутс кино саласында 60 жылдан астам еңбек еткен. Уайзман болса 1967 жылдан бері жылына кем дегенде бір фильмнен түсіріп келеді. Ал, Сталмастер 200-ден астам фильмнің түсіріліміне қатысқан.

Джеки Чан 100-ден астам фильмде басты кейіпкелердің ролін сомдады. Ол шығыс жекпе-жегінің шебері, түрлі акробатикалық әдістерді орындайтын маман ретінде де танымал.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары