$ 494.87  520.65  4.91

Ерасыл Әубәкіровтің өліміне қатысты негізгі сот отырысы басталды

Астана қалалық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында басталған осынау процесс жабық режимде өтуде.

Алғашқы сот отырысы жоспарланғандай таңертеңгі сағат 10:00-де басталды. Алайда, күзет журналистерді ғана емес, сот залына марқұм Ерасыл Әубәкіровтің әкесі Өмірбек Әубәкіровті де кіргізген жоқ. Тек жарты сағаттай шу көтерген жәбірленуші тынышталмаған соң ғана оған процеске қатысуға рұқсат берді.

Айта кетейік, тараптарды алдын ала тыңдау процесі кезінде сот залына Ерасылдың анасы Кенжекүл Әубәкірова кіргізілмеген болатын. Ол кезде баласын жоғалтқан ананы процеске қатысы жоқ деген желеумен сот ғимаратынан шығарып жіберген еді. Мұнан кейін Кенжекүл Әубәкірова соттың әділетті өтетініне сенбейтінін мәлімдеді.

Естеріңізге салайық, Астанадағы медуниверситеттің студенті Ерасыл Әубәкіров 3 ақпан күні кешке үйінен шығып, сол күйі оралмаған. Оның жоғалғаны туралы мәліметті достары әлеуметтік желілерде 4 ақпанда хабарлады. Араға бір аптадай уақыт салып, 10 ақпан күні астаналық полицейлер қала шетінен Ерасылдың қарға көмілген өлі денесін тапты. Оның денесінде зорлық-зомбылықтың белгілері бар.

Бұл іс бойынша алғашқыда 4 күдікті ұсталған болатын. Кейін басты күдікті саналған Аян Мейірбаевты полицейлер жәбірленуші етіп шығарып, оны қамаудан босатты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары