Жаңалықтар 02.09.2016 сағат 09:02

Өзбекстанға Владимир Путин мен Джон Керри келеді деп күтілуде

Самарқанда Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керридің жеке ұшақтары күтілуде. Қос елдің өкілдері Өзбекстан президенті Ислам Каримовпен қосштасу рәсіміне қатысады деп жоспарлануда. Бұл жайында UzMetronom.com порталы хабарлап отыр.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

"Сенімді дереккөздердің мәліметінше, 3 қыркүйек күні Қытайда өтетін G20 саммитіне барар жолда Ресей президенті Владимир Путин Самарқанға қысқа уақытқа аялдайды. Сондай-ақ, Үндістаннан Қытайға баратын АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри де өзбек қаласына соғады", - делінген аталған портал таратқан хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Рейтерс агенттігі Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың да Қытай сапарын үзіп, Өзбекстанға баратынын хабарлаған болатын. Алайда, Ақорда бұл ақпарды жоққа шығарды.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар