$ 498.34  519.72  4.85

Түркия премьері Өзбекстан президентінің қайтыс болуына орай көңіл айтты

Түркия премьер-министрі Бинали Йылдырым үкімет отырысының ашылуында Өзбекстан президентінің қайтыс болғанын мәлімдеп, өзбек халқына көңіл айтатынын жеткізді. Министрлер кабинетінің төрағасы мұндай ақпаратты қайдан естігенін хабарлаған жоқ деп жазады РИА Новости.

«Өзбекстан президенті Ислам Каримов қайтыс болды. Алла оның жанын жәннаттан етсін. Түркия Республикасының атынан Өзбекстан халқына қайғыра көңіл айтамын», — деді Йылдырым.

Айта кетейік, бүгін Reuters агенттігі елшілікте жұмыс істейтін дереккөздерге сілтеме жасай отырып, өзбек лидерінің көз жұмғанын хабарлаған еді. Алайда, елдің ресми билігі бұл ақпаратты әлі растаған жоқ. Дегенмен, Ислам Каримовтың хал үстінде жатқанын жария етті.

Бұған дейін "Ферғана" порталы мен жергілікті "Азаттық" радиосының сайты Самарқанда президентті жерлеу рәсіміне дайындалып жатқанын жазған болатын. Сөздеріне дәлел ретінде тілшілер моланың маңында жұмыстардың қызу жүріп жатқаны түсірілген суреттерді жариялады.

78 жастағы Ислам Каримов Өзбекстанды 1991 жылдан бері басарып келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары