$ 444.22  476.38  4.82

Алматыда «сотка» сатумен айналысатын «сақалдыларға» тексеру жүргізілді

Алматы қаласы Медеу аудандық Мемлекеттік кірістр басқармасының мамандары аудандық әкімдік және жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесе ұрланған және құжаты жоқ ұялы телефон сатумен айналысатын тұлғаларды жаппай тексеруге кірісті. Бұл туралы Zakon.kz порталы хабарлап отыр. Рейдтік шара барысында барлығы 78 телефон мен 2 ноутбук тәркіленген.

Тексеру жұмыстарының бірінші күні «Мегатау» сауда орталығында 10-нан астам саудагер ұсталды. Олардың кім екені толық анықталғанша жіберілмейді. Сонымен қатар, салық органдарына тіркелмей, заңсыз пайда табумен айналысып жүрген 4 жеке тұлға, касса аппараты жоқ 2 жеке кәсіпкер анықталды. Енді рейд жүргізген мамандар бұл деректерді сотқа жолдамақ. Заң органы тәркіленген мүліктердің тағдырын шешеді. Телефондардың арасында ұрланғандары анықталса заңды иелеріне қайтарылады.

Қазақстан Республикасының «Тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы» заңының 26-бабына сәйкес, сатушы тұтынушыға өз тауарының атауын, мекен-жайын және жұмыс режимін қазақ және орыс тілдерінде жеткізуі тиіс. Сонымен қатар, жеке кәсіпкер клиентке өзінің аты-жөнін, мемлекеттік тіркеуі мен оны жеке кәсіпкер ретінде тіркеген органның атауын да хабарлауы тиіс.

Естеріңізге салайық, Ақтөбе мен Алматыда орын алған лаңкестік оқиғалардан кейін Қазақстанның барлық қаласында қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Әсіресе, тәртіп сақшылары б/у телефон сататын «сақалды» саудагерлерді жіті тексеруде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары