$ 498.55  524.28  4.75

Қостанайда жол апатынан 2 айлық бала көз жұмды

Жол көлік оқиғасы болған сәтте сәби Honda Concerto көлігінде анасының қолында болған. Апат салдарынан ол оқиға орнында көз жұмды. Анасы болса түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген деп жазады Informburo.kz.

Оқиға 5 қыркүйек күні кешкі уақытта орын алған. Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ішінде нәресте отырған көлік жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, «УАЗ» маркалы жүк көлігімен соқтығысқан.

«Жол көлік оқиғасы "Жітіқара-Пригородный" тас жолының бойында орын алды. Honda Concerto жеңіл автокөлігінің жүргізушісі жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, салдарынан өзге көлікпен соқтығысқан. Түрлі дене жарақаттарымен Жітіқараның орталық ауруханасына жеңіл автокөліктің екі жүргізушісі жеткізілді. Нәресте ауруханаға жетпей көз жұмды», - делінген ІІД таратқан хабарламада.

УАЗ жүк көлігінің тізгінінде Пригородный ауылының 44 жастағы тұрғыны болған. Қазіргі таңда атаоған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүруде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары