$ 443.85  474.3  4.8

Владимир Путин Ислам Каримовтың басына барып, гүл шоқтарын қойды

Ресей президенті Владимир Путин Өзбекстанға арнайы сапармен келіп, өткен апта дүниеден өткен ел президенті Ислам Каримовтың моласына гүл шоқтарын қойды. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлап отыр.

Самарқанға келе салып Ресей басшысы Шахи Зинда тарихи ескерткішіне қарай бет алды. Мұнда Ислам Каримов жерленген. Әріптесі ауыр халде жатқанда оның жағдайын сұрай алмаған Путин оны үнсіздікпен еске алып, зиратқа қызыл раушан гүлдерін қойды.

Ресей президенті марқұмның жесірі Татьяна Каримова мен кіші қызы Лола Каримова-Тилляеваға көңіл айтты.

Путиннің Өзбекстанға сапары алдын ала жоспарланбаған. Президент көмекшісі Юрий Ушаковтың айтуынша, ол әріптесі әрі досы Ислам Каримовтың отбасына көңіл айтып, әруағына құрмет көрсету үшін ғана Самарқанға жол тартыпты.

Естеріңізге салайық, Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың қайтыс болғанын өзбек билігі 2 қыркүйек күні ресми хабарлады. 3 қыркүйекте ол Самарқандағы өзінің анасы мен бауырлары жатқан ескі қорымға жерленген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары