Түрмеде жазасын өтеп жатқан Серік Ахметовты өлді деп жалған ақпарат таратқан 26 жастағы Жамбыл облысының тұрғыны Жандос Байшеміров экс-премьерден кешірім сұрады. Tengrinews.kz порталының хабарлауынша, Байшеміров Ахметовтен кешірімді хат арқылы сұраған.
"Мен Серік Нығметұлына хат жаздым. Одан кешірім сұрап, зор денсаулық, отбасына аман-есен оралуын тіледім. Мен хатты түрмеге поштамен жолдадым. Жауап алғаным жоқ, келесі күні өзімді абақтыға алып кетті", - дейді Байшеміров.
Жамбыл облысы Көгершін ауылының 25 жастағы тұрғыны жалған ақпарат таратқаны үшін 2015 жылы ұсталған болатын. Бұл әрекеті үшін жас жігіт қылмыстық жауапкершілікке тартылып, оған 2 миллион теңге көлемінде айыппұл салынған. Алайда, мұндай қаражатты таба алмағандықтан Байшеміров 241 күн түрмеге отырып шықты.
"Сегіз адай уақыт Жамбыл облысындағы қоныс колониясында жазамды өтеп шықтым. 3 қыркүейекте босатты. Ешкім ренжіткен жоқ, бәрі менімен жақсы қарым-қатынаста болды", - дейді Серік Ахметовты "өлтірген" жігіт.
Айта кетейік, жамбылдық тұрғын 2015 жылдың қаңтарында ВКонтакте әлеуметтік желісіне жалған атпен тіркеліп, өз парақшасында Серік Ахметовтың қайтыс болғанын мәлімдеген еді. Бұл ақпарат әлеуметтік желілер арқылы лезде тарап, бүкіл қазақстандықтарды сары уайымға салған болатын. Артынша полиция Байшеміровті жалған ақпарат таратқаны үшін қолға түсірді.